Астана, Қарқаралы тасжолы бойындағы газ құбыры
Астана қ., «Нұра» және «Есіл» аудандары, Қарқаралы тасжолы бойы
«Астана қ., «Нұра» және «Есіл» аудандарындағы Қарқаралы тасжолы бойындағы жоғары қысымды газ құбыры, 1-іске қосу кешені»
Болжамды қаржыландыру көздері мен схемалары:
Жоғарыда көрсетілген жобаны қаржыландыру 012 «Жылу энергетикасы жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатынан жоспарланып отыр.
Құрылыс объектісін іске асыру кезеңі:
Құрылыстың жалпы сметалық құны
2026 жылғы ағымдағы бағамен 411 506,024 мың теңге, оның ішінде ҚМЖ - 311 222,052 мың теңге, жабдық - 13 303,348 мың теңге.
Жоба шеңберінде қолданыстағы магистральға қосылатын жерасты газ құбыры жобаланды, сондай-ақ негізгі және резервтік қысымды төмендету желілері бар шкафтық газ реттеу пунктін (ГРПШ) орнату көзделді. Құбырды төсеу, жапқыш арматураны орнату және жүйені қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі шешімдер қарастырылған. Жобаны іске асыру газды сенімді әрі қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді, пайдалану тәуекелдерін төмендетеді және инженерлік инфрақұрылымға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді.
- жұмыс құжаттамасын әзірлеу
- ГСН, ЭХЗ, ЭГ, КЖ бөлімдерін жобалау.
- қолданыстағы инженерлік коммуникациялармен үйлестіру
- ҚҰЖ және сметаларды әзірлеу
Объектінің орналасу схемасы
ГРПШ конструктивтік бөлігі
Найзағайдан қорғау (жерге тұйықтау жоспары)